Бұрын әлдебір жамандыққа ұрынып, соны қайталаудан қорқып қалған. ~ Еменалы өз еліне өзі енді ғана әрең сыйысып келеді, Ұлпан. Мен аузы күйген адаммын. Мені тағы бір сөзге ілектірмеші, айналайын. Ғ.Мүс. ~ Соңына он-он бес жігітін ертіп алып, күнде ауыл аралап, ән салып, сауық құратынды шығарды. Ақтоқтыдан аузы күйген Қорамса, баласын бірдемеге соқ болар ма екен деп, іштей күйзеліп, аяғына бұғау салуды ойлады. Соның есебін кейін тапқан сияқты. С.Жүн. ~ Сағыныштарын айтуға тіл жетпейді. Екеуінде де үн жоқ. Құшақтары ашылады. Құшақтары табысады. Неткен шырын бақыт! Бірін бірі жұтып қоярдай ұмтылып сүйеді кеп. Шөлдері қанар емес. Бұл да түс боп кетіп жүре ме деген күдік мазалайды. Талай аузы күйгені бар. С.Ел.
