Posted in

АУЗЫ КҮЙДІ

Қате басып, опық жеді; ендігәрі қайталамастай болды; шекесіне тиді. ~ Желіктірген бос сөзден байдың үйінен бір тостаған саумал ішкенін артық көреді ғой жұрт. Былтыр жасақтың арты қандай болды? Ұмыттың ба? Аузы күйіп қалған кедейдің өмірі басын қоса алар ма екенсің? Ж.Айм. ~ Жин Шурын мұның анық-қанығын Баймолладан сұрағанда алдыңғы жолы аузы күйіп, Әліпке деген өкпесі қара қазандай болған ол «менде солай естідім» деп амалсыз бас шұлғыған болатын. Ж.Шәк. ~ Ішімдегіні сыртқа шығармай, орайы келгенде ғана айтуды табиғат маған жазбаған. Осы әдеттен талай жерде аузым да күйді, қайтейін, етпен жаратылған сүйекпен кетеді де. Б.Тоғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *