Posted in

АУЗЫ ҚАЛАЙ БАРАДЫ

Ондай сөзді айтуға не қақысы бар, ұялмай ма д.м. ~ Үйде отырған әйелдер Айтолқынды қатты сөгіп, қарғап сілеп алды. — Ант ұрғанның қарғысы қандай жаман еді! Қалмақ басқырдың ауылы деуге аузы қалай барады екен? Ғ.Мүс. ~ Ендігі әке-шешең мен боламын, өзім барда қиыншылық тартқызбаймын, обал сауабың менің мойнымда, сендерді ержеткізу, ел қатарына қосу жауапкершілігін шешең алдында мен үстіме алғанмын» деген сияқты көмейіне келіп, қайтып тұрған сөздердің бірде бірін аузынан шығара алмады. Ақ қой сойып, ақбата жасалмаған, ата жолымен атастырылып үлгірмеген сәби қызды келінім деуге аузы қалай барсын?! Ғ.Біл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *