Posted in

АУЗЫ ҚИСАЯ МА (ҚИСАЙЫП ҚАЛА МА, ҚИСАЙЫП КЕТЕ МЕ)

Неге сөйтпейді екен д.м. ~ Осыны да ел басқарып, үкімет боп отыр деп сырттай дәріптейміз- ау. Астына тышып қойған
баладай манадан әлі отыр жалпиып. Не жақындық, не ағайыншылық мезіреті жасаса тағынан ұша ма, аузы қисая ма?
Неменеге келдім? Қол жайып, көз сүзіп келді деп, бәлденеді- ау. С.См. ~ Тұрғындардың еңсесі пәс, мектеп,
балабақша, біраз мекемелер жабылып, мына жұрт бір-біріне ұшыраса кетсе: «Пәлен жерде поезд рельстен шығып кетіпті»,
«ау, ауа райын болжаушылар отызды атаса аузы қисайып қалар ма еді!..» деп жерге қарап түңілушілер көбейді. Д.Дос.~
«Итті» тұздықтап соғар мақал- мәтелі қаншама?! Бірбірінің арасын «ит» жымдастырып тұратын тұрақты сөз тіркесі де баcтан
асады. Мәселен, қазақ баласы алысты «алыс» дей салса, аузы қисайып кете ме, «ит арқасы қиянда», «ит өлген жер» деп
ділмәрситінін қайтерсің? Д.Әш.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *