Діні бөлек; мұсылман емес. ~ Оның үстіне Ақбілек енді көп арыстың талқысына түспейді, асыл қазынасын бір-ақ кісіге қияды. Қандай кісіге? Өзі үшін жанын қиған ер жігітке… Бірақ, ойбай-ау! Ер жігіт деп отырғаны аузы түкті кәпір ғой! Әлгі дәретсіз, сүндетсіз, түрегеп сиетін, шошқа етін жейтін, арақ ішетін, темекі сасыған, елді қыран жапқандай қылып, қамшы, қылыш, мылтық ойнататын, мейірімсіз, шадыр мінез орыс осы емес пе? Шынымен сол орысты иіскегені ме? Ж.Айм. ~ Қазақтардың аржағынан қусырып орыс патшалығы келеді… Аузы түкті кәпірден Рахим бек те сескенеді. Орыста солдат көп, қару мол… З.Шүк. ~ Аузы түкті сасық кәпір, өлсем де сенен найза бойы биік тұрмын! – деп Кете хан сақылдап күле бергенде, жендеттер: «Ох, атаңның гөрі, қоқи!» деп жерге тастап жібереді. Көзі қанталған патша басын алыңдар деп бұйырады. Т.Сәу. ~ Айналайын, Оспанжан! Түбіміз бір ағайын едік. Артық кетіп, аса со
