Бет-аузы бүлк етпей; ұялмай, шімірікпей; қысылып-қымтырылмай. ~ Бұйырмасын, тай тұяқ, оған өңештемей-ақ қойыңдар!.. Сақау Іңкарға айтқан екен, Іңкар біздің Несібелдіге айтыпты. Несібелді аузы-мұрны қисаймастан маған айтты. Ж.Айм. ~ Месқарынның үйінде кəрі қыздай сақтаулы, аузыңа төңкеріп қойғандай аузы-мұрны қисаймастан осы сөзді Иттістің өзі де айтты, «Менің неше қатын алғанымды сөз қылатын қайсың?» деп ақырды. Ж.Айм. ~ Аузы-мұрны қисаймай: «Біздің Анарбай оқымай-ақ ел басқарып отыр» деп соғады, бәтір-ау, бары сол болған соң не сорым. К.Қаз.
