Posted in

АУЗЫН АЛДЫ

Пара берді; көңілін аулады. ~ Жазушылар әр қилы. Пысықай жазушылар болады. Шығармаларын анда шауып, мұнда шауып,
редактордың аузын алып, кітап шығаратын жазушылар бар. С.Шай. ~ Міне, әуелі осылардың аузын алыңыз. Аспанқозғаевты
білесіз, дарынды ақын. Дайын редактор. Алғы сөзді өзім-ақ жазамын. Жазушы Қойторинді жоғарыға шығарамыз.” “Ой, рахмет, айналайын, мұныңа. Ал енді жаңағы ауыз… оларды қайтеміз?” “Қайтетін түгі жоқ, бір қойды соясыз, бір-бір шапанды, жо… жоқ, конвертті дайындайсыз да дастарханыңызға шақырасыз”. Н.Дәу. ~ Орынбор мен Петербордағы әкімдердің аузын алып, өз жағына шығара ма, әлде орыс патшасы әділет ойлап, қалың көптің сөзіне құлақ аса ма, бұл – екіұдай мәселе. М.Әбд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *