Posted in

АУЗЫН БАҚТЫ

1. Не айтарын тосты, жалтақтады. ~ Соңғысы нағыз қаратілдің өзі еді. Жат елдің аңысын аңдып, аузын бақты. Т.Әл. ~ Бекет бастықтың шағымына нәумез ғана жымиып, тағы да аузын бақты. Қ.Ысқ. ~ Бұрынғы селсоқтық жайына қалды, Енді ол бастықтың аузын бақты. Енді не айтар екен? Оның аузынан тағы да қандай сөз шығар екен? С.Бақ.
2. Леізін тыңдауға құмартты. ~ Мұхаң кірді. Қалың ернін түре күлімдеп, əріптестерімен бас изеп амандасты. Көшедегі күн нұрын көзіне жиып əкелгендей, əрқайсымызға жылы шыраймен ұшқындап қарайды. Бөлмеге де өзгеше бір жарық түсіп, жылу тарағандай. Жылу… Жан жылуы… Əлгібір «аңдысудан» із- түз жоқ, бəріміз бір ұжым боп, Əуезовтің аузын бақтық. З.Қаб.
3. Абайлап сөйледі. ~ Бұқараның бақылауын жуастықпен қабылдап, егіншілік майдандарында еңбек істеп, қылмысын жуып, Сәйдәлінің көз алдында жүруі керек. Аузын бағып, аяғын аңдап басуы шарт. Ғ.Біл. ~ Сол арада не түлен т

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *