Posted in

АУЗЫН БУДЫ

Аузын аштырмады, сөйлетпей қойды. ~ Шынында, қазақтың бұл күнгі қызметіне қатысып отырған азамат қазақ елін қай қызметімен қанағаттандырады? Қандай еңбек, қандай өнер, қай ісімен ризалайды? «Мен мынаны істегенім жоқ па, мынадай үлгі, пайдалы істі ортаңа орнатқам жоқ па?» деп қай қызметімен елдің аузын буады? М.Әу. ~ Тамам бала… «шата– шата», «бастықтың баласы» – деп тілін шығарып, санын шапалақтап мазақтағанда осы екі досы – Нұржан мен Аманжан ара түспеуші ме еді… Иә, сөйтетін… Құдай– ау, тіпті айтқысы келіп, тілі қышығанның өзінде мынау қиын– қыстау сәтте, ұлы сапарда шыдай тұруы, аузын буа тұруы керек еді ғой. О.Бөк. ~ Сәлемшi болсаңдар төрге озыңдар. Айтқандарың келсiн! – деп есiктен кiрген қос жiгiттi Сайын да қуана қарсы алды. Аузын буып қойғандай үнсiз қалуды жөнсiз көрген Барат та Сайын мен оның келiншегi Мақпалға «Бауы берiк болсын айтқан!» К.Сег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *