Posted in

АУЗЫН ҚҰР (ҚУ) ШӨППЕН СҮРТТІ

Сараңдық, пейілі тарлығын құрғақ сөзбен бүркемеледі; өтірік мүләйімсіді. ~ Күзге таман ауданымызға мол ағаш материал
келіп түспек. Соған шейін күтуге тура келеді, – деп аузын құр шөппен сүрткесін, бұл … О.Сәр. ~ Үшіншісі – аузын қу шөппен
сүрткен, бардың өзін жеті қат жердің астына жасырып қойып, қолыңа ұстап барған қағазыңның әр әрпіне сығалап қарайтын
заң сапырған залым дейді. Ә.Кек. ~ ” … ай күтесіз бе, жыл күтесіз бе – білмеймін!» деп жоқтан басқа сөз айтпай аузын құр
шөппен сүртіп, дүниені тарылтып еді, ана қоймада протез дегенің үйіліп жатыр, жарты Қазақстанға жетердей! Т.Сәу. ~
Аузын қу шөппен сүртіп, бүйтіп жылымшылатқанша: «Жарқыным, Әлияға қарамайтының бар, кімге әулиесің, бұдан былай
пәтер ақыңа жиырма бес сом төле, әйтпесе бөлмені босат!»— деп, кесіп-пішіп тастамай ма». М.Қаб. ~ Бірақ, соны
ескертейін, сорлы халқымыздың дүбір алған харекетіне жәрдем-көмек сұр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *