Posted in

АУЗЫН ҚЫШЫТТЫ

Жынына тиді, ашуын келтірді. ~ Әй, тыңдамай-ақ қалсамшы! — деді князь, тұнжырай сөйлеп, орындығынан тұрған күйі, кетейін дей бере, есік алдына тоқтай қалып. — Заң бар, бәйбіше, ақыр аузымды қышытарың қышытқан соң, айтайын мен саған: соның бәріне өзің, өз басың ғана айыптысын. Ондай алаяқтарға қарсы заң қашан да болған, бар да ол! Л.Тол. ~ Әй, қыз, тілімді қышыта берме! Т.Ахт. ~ Сен маған, Әділбек, шын тиіскің келіп тұр екен. Бірақ мұныңнан ештеме шықпайды. Сенің сырың маған белгілі. — Қандай сырым белгілі? — Барлық сырың. — Айт, айт, жасырма! — Менің аузымды қышытып қайтесің. Х.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *