1. Қарнын тойдырды. ~ Сол кездегі атағы дүрілдеп тұрған Оралхан, Сағат дейтін жас перілермен әмпәй, ауылынан терісімен бітеу үйтілген қой, соғым әкеліп, аш өзек «классиктердің» аузын майлаған. Т.Сәу.
2. Сый-сияпат көрсетіп, пара беріп, аузын алды. ~ Мүмкін, жай ғана барып, патша әкімшілігінен көмек сұраса қайтеді? Атам заманда Бектас аузын майлап қойған болыс бүл іске, сірә да араласпайды. Ал, майор болса, стражниктерін жібермес бүрын, дәлел талап етеді. С.Дос. ~ … әкесі Абдолламен кіндіктес Құттыбикені құшып, талтаңдап өткен табын Қара батырдың баласы Бөкенбай билеп-төстейтін жеті ру мен өзінің аузын майлап, баурын жайлап алған Бопайдың төркіні – он екі ата байұлын көбірек арқа тұтып кетті. Ә.Кек.
