Posted in

АУЗЫНА ТОСТЫ

Тапқан-таянғанын бір соған жұмсады. ~ Шыңғыс Тұрсынбайды құрметпен қарсы алып, жүдеу киімдерін тастатып, жаңадан жақсылап киіндірген, тәтті-дәмдісін аузына тосқан. С.Мұқ. ~ Қазақтың ең «сіңірі шыққан» дейтін күнін зорға көріп отырған кедейінің де бар дәмін қонақтың аузына тосатын салты. С.Мұқ.
~ Қазанғап байғұс Сәбитжаным мұқтаждық көрмесін, басқалардан кем болмасын деп тапқан-таянғанының бәрін соның аузына тосты – не шықты? Білімді – білуін біледі-ақ. Бірақ жетесіздің аты жетесіз. Аузынан ақ май ағызсаң да адам болмайды. Ш.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *