Posted in

АУЗЫНАН АҚ ИТ КІРІП, КӨК ИТ ШЫҒАДЫ

Долданып, кәрін төкті, аузына келгенді айтып, ұрысты, балағаттады. ~ Бұл келсе, директор жолдас әбден ашуға мініпті, екі көзі қып-қызыл, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады… О.Сәр. ~ Әсіресе, абысындарды төбелестірген қызық болады екен. Шіркіндерді жаныстыра білсең ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығады. Бірінің шашын бірі жұлады. Ж.Шәк. ~ Замана қартайған. Қартайған замананың құлағы тас керең. Замана алжыған. Алжыған замананың аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады. Мәңгі жас және мәңгі жасайтын — жалғыз Жаратқан. И.Сап.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *