Posted in

АУЗЫНАН АҚ МАЙ АҚТЫ (АҒЫЗДЫ)

Дәулеті асты, не ішем, не жеймін демеді, ішкені алдында, ішпегені артында болды. ~ Ал, тәрбиеле… Ол шалжиып жатсын,
аузынан ақ майы ағып, жердің бетінде жоқ май, ұн сендерде. Не жетпейді? М.Сүн. ~ Торғыны тоса алмай, шықылдаған
капитанға қатын бопты. Екі бала сүйіп, аузынан ақ майы ағып, қазір райпотребсоюз бастығының әйелі көрінеді. К.Қаз. ~
Жазушыларың тынды ғой, – деді Жолбасар, – менің ағам бұрын аузынан ақ май ағып, ақша санауға ерініп отырушы еді,
ендігі күні қараң, халі мүшкіл. Д.Қуат. ~ Бірақ жетесіздің аты жетесіз. Аузынан ақ май ағызсаң да адам болмайды. Ш.Айт. ~
Ал жырып әкетіпті, ал аузынан ақ май ағыпты, одан соның отымен кіріп, күлімен шығып жүрген кезінде қазіргі бар байлықты
жасағандардың үрім-бұтағы қай жақсылықты көріп отыр. Н.Дәут.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *