Тапқан-таянғаны тамаққа ғана жетеді. ~ Жігітті намыс өлтіреді ғой, құлқын сәріден кетіп, ел жата бақайы жылтылдап, бармағы шырыш – шырыш боп зорға жетеді. Сондағы бар тапқаны Фариданың аузынан артылып жығылмайды. Қ.Ысқ. ~ Сәрәл төгіп кеткен жарты машина жем төлдеген саулықтардың аузынан аспайды. Ал қыстан қалған ширек мая шөпке отарды қоя берсең, жарты сағатта ұйпап, тапасын шығарады. М.Қаб.
