Сөзге олақ, не нәрсеге де ыңғайы жоқ, орашолақ. ~ “Таза қазақы ауданда аудандық партия комитетіне орыс таба алмай,
көшеде мас болып шаңда аунап жатқан пеш салатын жирен шаштыны жуындырып, киіндіріп, екінші хатшы ғып сайлағанды
да көргенбіз”, – дейтін әкелеріміз, – аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен сол сабаздар ұрттап алған кезде аттыға жол,
ауыздыға сөз бермей-ақ аудан, ауылда кәдімгідей зіркілдеп, қамшы үйіріп басқарды. Ж.Аяз. ~ Аудандық партия комитетінің
бірінші хатшысы «аузынан сөзі‚ қойнынан бөзі түсіп» отырып қалыпты. Қ.Түм. ~ Құрбылары таласа сөйлеп, кимелеп көзге
түсіп, қай ортамен мидай араласып, тастай батып, судай сіңіп жатқанда – бұл пақырың аузынан сөзі, иінінен бөзі түсіп,
дастарқанды шетжағалап отырғанды қалады. Д.Дос.
