Бақ-дәулет қонған. ~ Ал Абай жеті атасынан бері аузынан уызы арылмаған Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай болып келетін әулеттің перзенті. Өз заманында бұл да билікке қолы жеткен, азды-көпті билік айтқан жан. С.Сат. ~ Абай мен Майлықожа бір-біріне қарама қайшы екі таптың адамдары. Абай жеті атасынан аузынан уызы арылмаған, «шынжыр балақ, шұбар төс» әулеттен. Қолында айтарлықтай билігі бар. Біреуге жалтаңдамайды, алдына салған малы бар. С.Сат.
