Әлі бітпеген шаруасы көп деген мағынада. ~ Мен болсам совхоз жұмысында жүрмін жанымды жалдап. Қарашаш бір күн ауру, бір күн сау. Үйдің ауы мен бауы мынау бітпей жатқан. Не ойлағаның бар? Шешең екеуміз бұл тамды о дүниеге ала кетпейміз. М.Қаб. ~ Ауы мен бауы бітпеген ЭКСПО-ны өткерісімен ентігін баса қоймайтыны екі бастан белгілі еді. БАҚ. ~ Жаңа салынып жатқан бекіністері көп екен. Соны аралап келеді. Біреуіне бізді де апарып көрсетті. Жер қазып, топырақ үйсең, бола салатын нәрсе емес екен. Ауы мен бауы аз емес секілді. Соның бәрін түгендеп жүргенде, біраз уақыт кетпей ме? Ә.Кек.
