Өкініп қалды, налыды, өзегін өрт шалды. ~ Алматыдан елге қарай арындап бет алған автобус өзін сол сағынышқа бөленген ыстық шаққа жақындата түсетінін ойлағанда жан-дүниесі тебіренеді. Бұл қанаты сынған құстай осы күйге тап болғанда — артында ах ұрып, ата-анасы қалған-ды. З.Төл. ~ Ол күлкі емес еді ғой, ондай күлкіні енді тағдыр бұған көрсетпесін, ондай күлкі құрысын! “Ол күлкінің арғы жағында: “Мен осылай ғаріп болып қалмасам!..” — деген, ах ұрған арман, ах ұрған өкініш, ах ұрған қасірет, ақыреттің адам төзгісіз азабы жатпады ма. Енді тағдыр бұған ол күлкіні көрсетпесін, бетін әрі қылсын, әрі! Ә.Тар.
