Ішкен-жегені кесел келтірді. ~ Бірден тоя жеген тамақ өлтіріп жібереді екен. Оны қазақ «аш өзегіне түсіп кетті» дейді екен. Б.Қыд. ~ Бастық стаканды Қоңырбайға ұсынды. Қоңырбай онсыз да дүмбілсіз болып тұр еді, бұл стаканнан кейін өзі де ішімдікке жоқ оқта-текте ұрттап-тататын сорлының үсті-үстіне көмейінен өткен ақ пері аш өзегіне түсіп кетіп, жиюлы жүктің алдына аяқ-қолы былқылдап, аузы қисайды да қалды. Ш.Мұр. ~ Апам осы әрекетімді қатты сөкті. «Мал көрмеген байғұс қуалап жүріп өлтіреді» дегеннің керін келтірдің, жегені аш өзегіне түсіп, қырылады енді» деген күдігі ертеңіне-ақ расқа шықты. Е.Жең. ~ Қаталап шөлдеп келген кісілерге ас пен суды аз-аздап бермесе, буын-буынына түсіп ащы өзегін қиып кетеді. Ә.Нұрп.
