Posted in

АШ БӨРІДЕЙ ҰЛЫДЫ

Ұнамсыз дауыс құлақты жарды. ~ Бір қашқан ұйқы қайта оралсын ба? Кірпігіне кергіш тірегендей айқаспай – ақ қойыпты. Өйткені сонау аш бөрідей ұлыған азалы дауыс көрден де қуардай, әрі налыған, әрі назаланған кеуденің шерлі топансуын төңкеріп жатыпты ғой. С.См. ~ Көкбояу, кенеу болмай жуа, жидек, Ұлыған аш бөрідей жұрт зар илеп, Адам бар аңға айналған дегенді естір, Өліктерін жасырған … үйге жерлеп. Б.Рай. ~ Сол жылғы қыс та қыстығып, аш бөрідей ұлыды да тұрды. Қаңтар бойы қақаған аяздың соңы ақпан бастала ақ түтекке айналған. Д.Әш.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *