Posted in

АШ ӨЗЕГІНЕ ТҮСТІ

Ішкен-жегені қорытылмай, кеселін тигізді. ~ Бірден тоя жеген тамақ өлтіріп жібереді екен. Оны қазақ «аш өзегіне түсіп кетті» дейді екен. Ол кезде мен оны біліппін бе, інім. Б.Қыд. ~ «Мал көрмеген байғұс қуалап жүріп өлтіреді» дегеннің керін келтірдің, жегені аш өзегіне түсіп, қырылады енді» деген күдігі ертеңіне-ақ расқа шықты. Е.Жең. ~ Арақ қосқан ақ саумал аш өзегіне түсіп, сеспей қатқан солдаттар ұйқыдан оянғанда пагондарына қыстырылған он сомдық «инабатты қағаздарды» көріп қуанып кетіскен. Ғ.Біл. ~ Жиренбай жүріп кетіпті. Аш өзегіне түсіп кетті депті ол тағы да. Жиренбайды көмуге дайындалғанда оған қоса тағы үш жігіт дыбыс бермеді. Б.Қыд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *