Posted in

АШ ІШЕКТЕЙ ШҰБАТЫЛҒАН (СОЗЫЛҒАН)

Тым созылыңқы; ұзыннан-ұзақ. ~ Біздің көшеде аш ішектей шұбатылған ұзы-ы-н жол болатын да, сол жолдың оң жақ бетінде тоғыз қабатты биік үй көшенің сол жақ бетіндегі біздің үймен қатар тұрған жер үйлерге тұмсығын шүйіріп, төбесінен қарап тұратын. Ә.Қи. ~ Қыс таяғын тоқылдатып, табалдырық аттады. Аш ішектей созылып, таусылып бермейтін бұл қатал маусым енді теперішті молынан көрсетіп үш ай табан аудармай жатып алады. Көлденең жүріс-тұрыс азаяды. Жұмыс көбейеді». М.Қаб. ~ Иә, айтпақшы, бүгінгі музыка біртүрлі… Басқаша. Күндегі әуендерге мүлде ұқсамайды. Аш ішектей созылған ұзын-сонар, белгісіз бағытқа бет алған мұңлы, шерлі жолаушының көңіл-күйіндей… Н.Ор.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *