Ұят-аятты жиып қойды; қысылып-қымтырылмай ашығын айтты; қымсынбай әрекет етті. ~ Ол сызданып айтты. Беті күреңітіп, сөзін ызалы күлкімен көмді.— Тіпті ашық кеткенсіздер ме!? Б.Қыд. ~ Оймақтай нәзік рюмкаларға ауыз жарымады. Шыдамым жетпеді де, ашық кеттім:
— Осы үйде стакан бар ма? Маған стаканға құйып бер, — дедім. Б.Соқ. ~ Еһ, үйде омалып отырсаңдар жым-жырт түгілі, көрге түк көрмей кірерсіңдер,— деп үлкен шайқастың боларын сезген Қадиша не де болса тайсалмай, ашық кетті. С.Жүн.
