Ақ көңіл, жадыраңқы көңіл-күй, ақ жарқын мінез танытты. ~ Молдатөре десем болғандай, – деп Күнболаттың келіншегі
қайнысымен қалжыңдасып, ашық- жарқын мінез көрсетті. Т.Рыс. ~ Осы ауылдың еркесі боп, бұлғақтаған Шәрбану ашық-
жарқын мінезімен қыз-жігіттерді, құдалар жағынан келген бойжеткен, бозбала атаулы жастарды үйіріп, өз әмірін жүргізді.
А.Жақ. ~ Ақбикеш тіпті өзінің ашық-жарқын мінезімен, өзімсінген көңілімен, сергек, ширақ жүріс-тұрысымен бүкіл отбасына
ерекше бір шырай әкелді. Е.Әл.
