Posted in

АШЫЛМАҒАН ҚАУЫЗ (ҚАУЫЗЫ АШЫЛМАҒАН)

Пәктігі сақталған, саф таза д.м. ~ Тағы да Тәтімов ағамыздың сөзін тілге тиек етсек, елімізде 300 мыңға жуық кәрі
қыздар бар екен. «Бұған 300 мың деген цифр деп қана емес, бұл – соншама жағылмаған ошақ, атталмаған босаға,
ашылмаған қауыз, қыл аяғы туылмаған бала деп қарауымыз қажет. Д.Ізт. ~ Қазақстан халықаралық туристік аренада
ашылмаған қауыз іспеттес. Оған қызығушылық күнен-күнге артуда. БАҚ. ~ Кәрі тарланның қырағы көзі бір қарағаннан-ақ кыздың жарылмаған жұмыртқа, қауызы әлі ашылмаған жауказын гүл екенін білген. І.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *