Пәктігін сақтаған, ары таза қыз туралы. ~ Бұл өзі елдің салымында жоқ нәрсе ғой. Біреудің ашылмаған қауынын, жарылмаған жұмыртқасын… мұсылманның баласын кәпірдің нетуіне қиса, Құрбан қажы да оңбас. Өзі де бала ұстап отырған адам. Құдай жүзін көре ме,— деп, ақ сақалды, қасқыр көз кісі тежеп тастады. Ж.Айм. ~ Бірақ қайсысы безіп жатыр әйелінен? Ашылмаған қауын, жарылмаған жұмыртқа іздейтін баяғы бейбітшілік шағымыз бар ма? Елдің не қымбаты, не асылы құрбан болмай жатыр?. Ж.Айм.
