1. Әбден қинап, есін шығарды. ~ Жарлыны жалдаған байлар айран, қымызын аямаған кісімсіп: «Бәлем, тұра тұр! Пішен мен
егін уақыты келсін! Ащы теріңді алармын! » — деп, ішінен жымыңдап жүр!.. Шәк. ~ Өзі емтихан аларда нашар қитындарды:
«айналып кел» деп шығарып жібереді де соңынан төрттігін қойып, жер-жебіріне жетіп ұрысып, ащы терін сығып алады.
Қ.Ысқ.
2. Атты жарысқа дайындап, баптады. ~ Кімнің тойы, кімнің асы екені есінде жоқ, қара айғырды көкпарға тоқ жаратып
отырған қара шал бір күні ащы терін алып қайт деп жалғыз жиенге мінгізіп қоя берді. Қ.Ысқ. ~ Шойынқұлақ екен. Өзім де
“шығайын деп тұрған көз” едім, анау қипақтап: – Күн жылынды ғой, мәшинелерді далаға шығарып, біраз “суытып, ащы терін
алып” қайтсақ қайтеді, өзіміз де бой жазайық, тұлпарларымыздың да қыстай іші пысқан болар, серпіліп қалсын! – дегенде
қуана құптадым. Ә.Тар.
