Posted in

АЯҒЫН (АЯҚ) ТАРТТЫ

Арынын басты, тізгінін жиды; батылы бармады. ~ Бірақ жаз бойы сонымен келсе де, күзге таман айналғанда өз басына енді бұндайдан ептеп аяғын тартып тыйылу қажет деп білді. М.Әу. ~ Бiр сәтөзiне Көптiлеудiң неге ала көзбен қарайтыны жөнiнде ойлады. Шамасы, билiкқұмар басқарманың аяғын тарта жүреiн бiр тұсы болуға тиiс. Б.Алд. ~ Елтай да мына бір қиын әңгімеден аяғын тартып алғысы келіп, тыпыршып отыр еді. М.Қаб. ~ «Қаумен тайқып шықты. Кепіл болмаймын. Ақ деп ара түспеймін деп, аяғын тартыпты. Қарашаның аулы айыпкер боп шықты!» деп, Ырғызбай іші өрекпи жөнелді. М.Әу. ~ Қай жерлерде жүрді? Не істеп жүрді? Не көріп, не білді?.. өзі айтпайды. Өзгелер өбектеп сұрай қоймайды. Жанды жарасына тиіп кетуден аяқ тартады. Н.Дәут.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *