Ақырын, абайлап жүрді. ~ Ақжарқынның сұлулығына да көңілдері толды. Кешкілік… той тарқар тұста… бөлмелестері аяқтарын ұшынан басып, аздап «қызып қалғандарын» сылтауратып, екеуін түні бойы оңаша қалдырған. Қ.Жиен. ~ …Есік сықырлап ашылды. Ақан көзін жұма қойды. Өтірік ұйықтағансып жатыр. Көкесі аяғының ұшынан басып, төсек қасына келді. Басынан сипағысы бар ма, кекіліне қолын апара беріп, жол ортада тартып алды. Ұйқысын қимады. М.Қаб.
