Жүрісі өнбей, кібіртіктей берді д.м. ~ Ботпай кенет, аяғына жем түскен аттай кібіртіктеп, жолдастарынан жырылып қала берген еді. О.Сәр. ~ Кеудесін жол жиегіне арта тоқтаған машина бір ырғалып барып орнынан қозғалды. Сол аяғына жем түскен аттай қиқалаңдаған күйі сайдан шықты. Ә.Кек. ~ Дүркіреп басталған шойын жол құрылысы Құландыға келгенде аяғына жем түскендей шабандап қалған. О.Бөк. ~ «Бастық болу маған қол емес, творчество екен маңдайыма жазылған несібе», — деп, көз көрген, қолы үйренген сынын сағалап еді, аяғына жем түскен аттай қаламы жүрмеді. М.Қаб. ~ «Бастық болу маған қол емес, творчество екен маңдайыма жазылған несібе», — деп, көз көрген, қолы үйренген сынын сағалап еді, аяғына жем түскен аттай қаламы жүрмеді. М.Қаб.
