Posted in

АЯҒЫНА ЖЫҒЫЛДЫ

Әлдебір айыбын мойындап, кешірім сұрады; алдынан өтті; айтқанына көнді; бас ұрды. ~ Ол кісі Саурықпен араздасатын жайым жоқ, өз аяғыңмен келген екенсің, өз аяғыңмен барып Саурықтың аяғына жығыл десе не істеймін? Ә.Шәр. ~ Әкесін, шешесін жылағандай, аяғына жығылғандай боп қалаға шақырып жазыпты… Д.Дос. ~ Тілмашты айтамын да. Кулактың баласы екен ит неме. Соғыс кезінде фашистердің табанын жалапты. Кімге қызмет етсе де итке бәрібір, кейін американдықтардың аяғына жығылған. Жүзі жылмаң, сөзі сырдаң сол неме талай тұтқынды алдап, торға түсірді. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *