Posted in

АЯҒЫНА ОРАТЫЛДЫ

Жол бермеді, желімдей жабысты, жүргізбеді, кедергі жасады. ~ Ойдан-қырдан, шөлден, даладан бас сауғалап қашып келген
қоян, түлкі, күзен сияқты ұсақ аңдар да құздың басына қарай өрмелеп шығып кеткен екен. Олар тіпті Құланның аяғына
оратылып, жол беретін емес. Е.Ер. ~ Өстіп жатып әйелінің дәлізде сырт киімін, сосын, аяқкиімін
кигенін, аяғына оратылмаса да, жолында жатқан кебістерді, ұсақ заттарды,
щеткаларды шкафқа дүрсілдетіп лақтырғанын, ұсақ теңгелерін қолына сығымдай
ұстап шығып бара жатқанын, үйден шығып, сырғымаға мінгендегі аяқ дыбысына дейін
– бәрі-бәрін естіп, сезіп жатты. Е.Әб. ~ Саны жарқылдап қызға қарай ұмтыла беріп еді, қасқа
баспен жағаласып жатқандар аяғына оратыла кетті. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *