Posted in

АЯҒЫНА ОТЫРҒЫЗБАДЫ

1. Маңына жолатпады; менсінбеді; қор көрді. ~ Мұрда ақсақал мұндай қысаң жарлықтың себебін білейін деп қала отағасынан сұрап байқаса, «жарлықтың аты – жарлық, оған не себеп сұрайсың?» деп, аяғына отырғызбайды. Ж.Айм. ~ Бірақ əркімдер-ақ ауызға алса да, бірінің жетесін, бірінің қабын, бірінің сабын, бірінің малын, бірінің мұрнын, бірінің кеңірдек сақалын жаратпай, Шекер аяғына отырғызбаған. Ж.Айм. ~ «Апыр-ай, мана кірген бетте бұл шіркін аяғына отырғызбайтын сыңай танытып еді, неге мұнша бір сәтте-ақ елжірей қалды екен?» – деген ой келген Жұманға. К.Сег.
2. Азар да безер болды, мойындамады, келіспеді. ~ Құнажын сізге таман келіпті ғой. — Сен түгілі, әкең де маған мұндай сөз айтып көрген жоқ. Мені ұры қылатын сен қайдан шықтың? Бірдеме үйреніп келдің бе?— деп, қайда… аяғына отырғызбады. Ж.Айм. ~ Кішкененің сөзін ұстап шыққан Қылышбай, ханның жоқшысын аяғына отырғызбайды… З.Шүк. ~ На

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *