Барынша ақырын, еппен, сақтықпен жүрді, дыбыс шығаруға қорықты. ~ Анау шоқы аяғының ұшынан басып, аспанға қарай мойын созғанда, Талғар бар ауыр тұлғасымен тұтас көтерілген сияқты. Ержан мырс етіп күліп жіберді. Т.Ахт. ~ Қасына кеп, бұралып кеткен таралғысын түзетті. Шара көз шабдар айғырдың делдиген танауынан сескенгендей, аяғының ұшынан басып, арғы қапталына өтті. Ә.Кек. ~ Аяғының ұшынан басып, тықырын білдірмей келіп, сол үйдің іргесіне етпетінен жата қалды. C.Ом. ~ Аяғымыздың ұшымен басып, сабағымызды үн-түнсіз оқып, тамақты да жым-жырт іштік. Е.Жең. ~ Шерік бұйрық алар – алмаста аяғының ұшынан басып есікке беттей жөнелді. Ж.Ахм.
