1. Кірмеді, қатынаспады, із салмады. ~ Алыс жерден әдейі көңіл сұрай келген кәдірлес кісілер болмаса, ауыл арасы бұл күндері аяқ баспады. Ә.Нұрп. ~ Ардақ десе Ардақ. Сызылып тұрғаны. Ақылы қандай, аңдамай аяқ баспайды. «Ата көрген оқ жонады, ана көрген тон пішеді». Көргенді бала. Ғ.Мұст. ~ Алыс ауылдағы он жылдан бері бұл жаққа аяқ баспай қойған жақын-жұрағаттарын ойлады. М.Қаб. ~ Кеше көрші ауылдағы қызы Раушан күйеуі екеуі қатынап бір күн жатып, кір- қоңын жуып берді. Өзге тірі жан аяқ басқан жоқ. М.Сүн.
2. Жоламады, ат-тонын ала қашты. ~ Өзін ұйымдасқалы жатқан жас шопандар бригадасына тартып көрсек қайтеді? — Аяқ баспайды-ау оған, аяқ баспайды. Б.Тоғ.
