Posted in

АЯҚ БАСТЫ

1. Алға жылжыды, адымдады. ~ Омаров жолдас, екі қадам ілгері қарай, шагом марш! — деп команда берді дежурный. Ол
ілгері екі қадам аяқ басты. Б.Бұлқ.
2. Әлдебір атаулы межеден, жаңа белестен, жас кезеңінен аттап өтті д.м. ~ Төңкерістен бері неше жыл өтті? – Алты жыл
өтіп, жетіншіге аяқ басып тұрмыз. Ж.Айм. ~ Көк теңіздің қойнауындағы әскери бекініске әкелінгеніне де алты жылға аяқ
басыпты. Ү.Жлк. ~ Сенің аталарын императорға жалдамалы әскер болып, осында аяқ басқанына, міне, жүз жылдан енді
ғана асты. Қ.Жұм. ~ … – дəл осы далада туған болашақ жазушы Мұхтар алтыдан жетіге жаңа ғана аяқ басып еді. З.Қаб. ~
Өркениетке аяқ басқан елде жеке бастың, яғни бір кісінің мүддесі мемлекет мүддесінен, яғни бүкіл халықтың мүддесінен
жоғары болуға тиіс екен. М.Мағ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *