Жеңіл-желпі, асығыс-үсігіс, жүрдім-бардым. ~ Көңілге болмаса осы жорықтан ол былайғы күндері елемей аяқ үсті жүре беретін анау–мынау ауру–сырқауларынан айығып, бұйығы бойы біраз сергіп жеңілдеп қайтқан сияқты. Ә.Нұрп.~ Алғашқы кезде ыңқыл–сыңқылмен біраз аяқ үсті жүрді де, көп ұзамай қызуы көтеріліп, төсек тартып жатып алды. Ш.Айм. ~ Сен табалдырықта қипақтап тұрып қалма. Өйтсең үй иесін ренжіткенің… «Шырақ, аяқ үсті кеткендей от ала келгенің жоқ қой. Тізе бүксеңші ең болмаса»,— деп қалса. ұят. Төрге өрлей бер… М.Сүн. ~ Оның үстіне орыс халқы аяқ үстінде айтылған әңгіменің пәтуасы болмайды деседі. Ә.Кек. ~ Балзия сөзімді бөлді: аяқүсті сәлем-сауқаттан соң жүріп кететін шығар деп күдіктенді ме іле тіл қатты. Т.Ор.
