Posted in

АЯҚ ЫЛАУ

1. Ауыл арасындағы мініске ғана жарайтын көлік. ~ Адал еттіден Жүніс, Мұқаммедилерде бір кәрілеу торы ат бар. Бізде түк жоқ. Екі үйдің аяқ лау етері сол ғана. Отқа жағатын көк тал тоғайдан сонымен әкелінеді. Б.Соқ.~ Жеңiл-желпi аяқ-лауға болмаса, салмақты, саудалы жерде бұрынғыдай бағасы өтпейтiн болған соң ақырғы кездерi кәсiптiң басқа түрiне көшкен. Т.Сәу. ~ Азын-аулақ аяқ-ылауы барлардың арық көліктері аяқтарын әрең алып жүрерліктей. С.Мұқ.
~ Азамат болып, шаруаның бір жағынан шығар деген менің түрім мынау, әкенің аяқ ылау ғып жүрген жалғыз атын аударып мініп, тартып отырған… К.Сег.
2. Жеңіл жүріске бейім, көлденең көк аттының көңілін қалдырмайтын әйел туралы. ~ Көксаудың екі қатыны мен қызы мырзалардың аяқ ылауы еді. Оны Көксау сезсе де сезбегенсіп жүре берер еді. Ж.Айм. ~ Өзің былай жөн білетін жігіт сияқтысың, аяқ-лауға жарайтын біреу тауып берсеңші. Мына алдымдағы малдың

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *