Аяққа тұсау болды, кедергі келтірді. ~ Бірақ ескіліктің қалдығы әлі де аяққа оралғы болуда. Елден құдайдың сыбағасын жинап, әлі күнге дейін қожа, молдалар семіруде. Т.Әбд.
~ Заман сенікі, майдан сенікі. Соларыңның балуаны бол. Қай жолмен жүрсең мұратың орындалады. Оны енді бізден де өзің артық танитын болдың. Аяғыңа оралғы боламыз ба? Жолың болсын! – деді. М.Әу. ~ Атаман Дутовтың атты әскері жау тобына тұтқиыл тиетін. Өздерінде зеңбірек те, шұбатылған обоз да жоқ. Оларды аяққа оралғы көреді. Ә.Нұрп. ~ Құйрықтары салбырап ашық есіктен телміріп, аяққа оралғы болған салпаң құлақ жаман иттер де бұларға көз қиығын салмайды. С.Жүн. ~ Әй, қойыңдаршы сендер, жоқ жерде сөз шығармай,— деп шешесі де әйелдерге ұрсып тастайды,— Одан да ана ас жаққа барыңдаршы өздерің аяққа оралғы болмай! С.Жүн.
