Posted in

АЯҚҚА ОРАЛДЫ

Қабаттасты, бөгет болды, қол байлады. ~ Сұраусыз сөзге, іздеусіз жерге көп араласып, аяққа оралатын да жүретін сотанақ інісі ақыры бір абыройсыздыққа ұрындырады–ау деп уайымдаушы еді. Ә.Кек. ~ Сөйтіп аяққа оралып жүргенімде Шолпан бізге қайта айналып кірді де: – Сен қыздың көлеңкеңді көрмейтін болайын! – деп тістеніп шығып кетті. С.Досж. Ш.Айт. ~ Түрегеп тұрып-ақ ішейін деп жанына өткен күпшектей жуан келіншектен екі бөтелке сыра сұрап еді, анау құбыжық көргендей ежірең етті: — Что?! Аяққа оралмай былай тұр, — деп қолын бір-ақ сілтеді. Н.Сер. ~ Қойшы, сонымен қара күзде қойымызды айдап Шұбарбұтаға да жеттік. Жапырайған жаман үй, қаусаған ескі қора екен. Әйтеуір, ілдебайлап тұра бастадық. Ол кезде аяққа оралар бала жоқ, мен көмекшімін. Бастапқыда келіп-келіп жатқан кісілер бар, көп зерікпедік те. Д.Әш.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *