Мығым денелі; тепсе темір үзетіндей. ~ Қатшагүлді жаратқан Құдай тым жомарттық жасаған: аяқ-қолы балғадай, бөксе жағы керсен табақтай жалпақ, кеуделі, апай төс, еркек пошымды әйел. О.Сәр. ~ Анау Елтайдағы құрбымның аяқ- қолы балғадай қызын алып берем. М.Сүн.
~ Түр-тұлғасына қарасаң аяқ-қолы балғадай, тепсе темір үзетіндей-ақ. Ж.Аяз. ~ Аяқ-қолы балғадай жігіттер әке-шешесінің зейнетақысына өмір сүріп жүр. БАҚ
