Posted in

АЯУШЫЛЫҚ (АЯНЫШ) СЕЗІМІ ОЯНДЫ

Мүсіркеді, жаны аши бастады. ~ Алғашында қаракөл қойын бақты. Сонда лас тірліктен жүрегі айнып‚ малға деген біртүрлі аяушылық сезімі оянып‚ колхоз бастығына қайда- қайта барғыштап жүріп‚ саулық қой алды. Қ.Түм. ~ Құм құрсауындағы ауылда сандалып жүрген Жұмамұратқа деген аяушылық сезімі оянды ма, әйтеуір, өзін- өзі қинағандай сәл езу тартып күлді де, қоларбасын жалма- жан ілгері жылжытты. Қ.Жиен. ~ Ертекші қыз кейпікердің жол бойы көрген сан қилы қиыншылықтарын жіпке тізгендей етіп айта түскенде оған деген кеудеңде аяныш сезімі оянады екен. М.Рам. ~ Балтаның аяныш сезімі оянды. Іштей байғұс қызды мүсіркеп отыр. С.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *