Posted in

ЛАЖЫ ҚАЛМАДЫ (БОЛМАДЫ)

Басқа амалы болмады. ~ Өрісі басқаны ноқта қосады дегендей, Едіге айдаладағы Әбутәліптің отбасына қамқоршы болмасқа лажы қалмады. Ш.Айт. ~ Көрінгеннің қолжаулығы болып кетуден зерезеп болған әйелдер жағының көбі-ақ бір мезеттік жеңілдік үшін болса да, бір-бір еркекті таңдамасқа лажы қалмайды екен. Ж.Сәм. ~ Барақ секілділері Россия патшасына бағынуды түпкі ойы ұнатпаса да, басқа лажы болмай, амалсыз көнді. І.Ес. ~ Дьяков дивизия штабына шауып келді. Кешігетінін білді. Бірақ басқа лажы болмады. Ә.Нұрп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *