Үлкен, екі езуі құлағына жеткен ауыз; ойымсыз, обыр. ~ Езуінде жиек болмаған соң, Әбдіжапар ел ішінде лақа ауыз атанып кетіп еді … Қ.Ысқ. ~ Осындай бiр бас қосуда бiр лақа ауыз, қотыраш баланың ынта-жiгерi жүдә ұнап қалды. Көзi сығырайған, талтаяқ, безеу бет. Т.Сәу. ~ Ал мынау бүйен сарының аты Мешел. Азан шақырып қойған есімін бір Алладан басқа естіген пенде жоқ. Күндік жемі бес литр спирт, бір ішкенде анау лақа ауызға бес саптаяқ көже сияды. Қ.Ысқ.
