Жалған әңгіме жайып, өсек таратты. ~ Абай мен ұлық достығы туралы тағы да көлеңкеге қарап тон пiшедi. Түн бойы неше алуан аңыздар айтысты. Балқыбектiң жүздеген үйлерiнiң барлығына толып жатқан лақаптар таратысты. М.Әу. ~ Бүкіл ел жиналып, ойын-той жасады. «Бағы жанбай жүрген жалқы жігіт еді, теңін тапқан екен» десіп, мәре-сәре болып жатыр. Кемпір жайын Жан адамға айтқан жоқпын. Аң аулап жүргенімде таңғажайып бір шаһарға кездесіп қалып, осы қызды содан тауып алдым деп жалған лақап тараттым. С.Ом. ~ Көзге көрініп тұрған он шақты мал, ана үйдің қара басы, соны алғыз да, мені құтқар. «Дымын қалдырмай шауып алдық!» деп лақап тарат, сол атақ маған жарайды. Б.Май. ~ — Ойбай-ау, ол сенімен енді біржола жауласатын болды ғой. Мұнда екендеріңді біліп пе? — Білгенде қандай, Тұрғанбектің үш қуы күні үшін қызылдарға сатылып кетті деп лақап таратып жүрген көрінеді. К.Қаз.
