Аузын ашып, бірдеңе айтуға, пікірін білдіруге. ~ Бұл сөздің бәрі «Бозінгенге» жарадай тиді: ләм деуге айтары болмай, тымырайып, жаялық ернін жымыра берді. Ж.Айм. ~ Көрiп тұрған дүйiм жұрттың бiрi араша түсiп ләм деуге жараған жоқ. Т.Сәу. ~ Басқаларда ләм деуге дәрмен жоқ. Мылгун болса, кішкентай сәбилерінің атын айқайлап шақырып, солқылдап жылай берді, жылай берді. Ш.Айт. ~ Қосыл ләм деуге уәж таппай, қатты да қалды. Рәжіпхан да, Момбек те үн шығармай жым отыр. М.Әбд. ~ Катерина Ивановнаның теріс айналып, перденің сыртына тез жоқ болғаны соншалық, Алеша тіпті ләм деуге үлгірмеді, — ал оның бірдеңе дегісі келіп тұрғаны. Ф.Дост. ЛӘМ ДЕУГЕ ЖАРАМАДЫ
