Posted in

ЛӘМ ДЕУГЕ ЖАРАМАДЫ

Қарсы сөйлей алмады, өз ойын білдіруге батылы бармады. * Дүймағамбеттікі де он бес сом, сен де он бес сом алым төледің. Бір ауыз ләм деуге жарадың ба? Аузың кепердей боп, қара басып отыруың… Ж.Айм. * Бірмаған отырып: – Керегі не сондай сөздің!— деп қатынын тоқтатты. Бұл сөздің бәрі «Бозінгенге» жарадай тиді: ләм деуге айтары болмай, тымырайып, жаялық ернін жымыра берді. Ж.Айм.