Көзді ашып-жұмғанша, заматта; сөйткенше болмай; айтып үлгермей. ~ Сұлтанмұрат құласа
да, лып етіп қайта тұрып, шауып бара жатқан есектің бір бүйірінен кенедей қадалып, ә
дегенше арқасына барып қонжия калады. Қара тайқартағы да тулайды. Тағы да мөңкиді.
Ш.Айт. ~ Ә дегенше болмады, бір боз атты келді де жетті. Ж.Айм. ~ Бұл жолы да солай
болды. Бетпе-бет кеп қарсы шапқанда Ағыбайдың мысы жеңді, сылкерейдің бірнеше
қайратты нөкерлері сойылға жығылды. «ә» дегенше болған жоқ бірнеше ат ойнап шыға
берді. І.Ес.
